https://sputnik.kz/20250301/60-darigerge-milliondagan-zhardemaqy-berildi-51260552.html
60 дәрігерге миллиондаған жәрдемақы берілді
60 дәрігерге миллиондаған жәрдемақы берілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде облысқа 280 дәрігер жетіспейді 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T18:37+0500
2025-03-01T18:37+0500
2025-03-01T18:37+0500
дәрігер
төлемақы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1d/44627213_0:0:961:540_1920x0_80_0_0_2e84a4081acfc6dc071b05b9f0c949a8.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында 60 дәрігер жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Облыстың ауылдық аудандарына жұмысқа келген 32 дәрігер 8,5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы алса, Жаңаөзен қаласын таңдаған 11 дәрігерге 5 млн теңгеден берілді. Ал Ақтау қаласына барған 17 дәрігерге 3 млн теңгеден төленді.Бүгінде облысқа 280 дәрігер жетіспейді. Осыған байланысты 2024 жылдың сәуір айында мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес, ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлер 100 ең төмен жалақы немесе 8,5 млн.теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.Бұдан бөлек, ауылға медициналық кадрларды тарту үшін әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті әзірленді. Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен жас мамандар ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, ал жалақыға қосымша ақы ала алады.Айта кетері, былтыр облыста аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2 500 АЕК-ке (9,2 млн теңгеге), ал ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке (7,3 млн теңгеге) дейін өсті.
https://sputnik.kz/20250228/elde-darigerler-tapshylygy-19-ga-tomendedi-51228303.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1d/44627213_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_582954972a95fff856b6ece612a6ba33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, төлемақы
60 дәрігерге миллиондаған жәрдемақы берілді
Бүгінде облысқа 280 дәрігер жетіспейді
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында 60 дәрігер жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Облыстың ауылдық аудандарына жұмысқа келген 32 дәрігер 8,5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы алса, Жаңаөзен қаласын таңдаған 11 дәрігерге 5 млн теңгеден берілді. Ал Ақтау қаласына барған 17 дәрігерге 3 млн теңгеден төленді.
"Көтерме жәрдемақы алушылардың арасында хирург, педиатр, жалпы практика дәрігері, офтальмолог, онколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, рентгенолог, психиатр және неонатолог бар", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде облысқа 280 дәрігер жетіспейді. Осыған байланысты 2024 жылдың сәуір айында мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын. Оған сәйкес, ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлер 100 ең төмен жалақы немесе 8,5 млн.теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Бұдан бөлек, ауылға медициналық кадрларды тарту үшін әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті әзірленді. Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен жас мамандар ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, ал жалақыға қосымша ақы ала алады.
Айта кетері, былтыр облыста аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2 500 АЕК-ке (9,2 млн теңгеге), ал ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке (7,3 млн теңгеге) дейін өсті.