Ұлытау облысында әйелдерге 20 мың теңгеден беріледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖауқазын
Жауқазын - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
Бұл біржолғы әлеуметтік төлемді 9 мыңнан астам әйел алады
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ұлытау облысында 9000-нан астам әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай бір рет берілетін әлеуметтік төлемнің көлемі – 20 000 теңге.
"Төлем Ұлытау облысының "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған 2711 анаға беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толған жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын балалары бар 6454 көпбалалы отбасыға төленеді.
Айта кетейік, бір реттік әлеуметтік төлем ҚР Үкіметінің 2023 жыл 30 маусымдағы №523 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен беріледі.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Шымкенттік көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0