Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленскиймен қашан кездесетінін айтты

© AP Photo / Evan VucciДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
Ол НАТО жарғысының альянстың ұжымдық қауіпсіздігі туралы 5-бабын қолдайтынын да айтты
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен өткізген баспасөз мәслихатында Владимир Зеленскиймен қашан кездесетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Ертең өте жақсы кездесу болады. Сағат 11-де (Мәскеу уақытымен 19:00). Ертең таңертең өте жақсы кездесу болады деп ойлаймын", - деді Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап беріп.
Сонымен қатар НАТО жарғысының альянстың ұжымдық қауіпсіздігі туралы 5-бабын қолдайтынын айтты.
"Мен оны қолдаймын. Бұған ешқандай себеп болмайды деп ойлаймын. Бізде өте сәтті бейбітшілік болады және ол ұзақ болады деп ойлаймын", - деді АҚШ президенті.
Трамп бұған дейін Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет айтқан болатын. Ресей Федерациясында бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.
Жаңалықтар
0