https://sputnik.kz/20250228/on-zhurgizushi-tandap-alyndy-astanada-erekshe-aktsiya-otti-51239506.html
"Он жүргізуші таңдап алынды": Астанада ерекше акция өтті
"Он жүргізуші таңдап алынды": Астанада ерекше акция өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше акция өтті – жол жүру ережесін қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды, деп хабарлады... 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T22:09+0500
2025-02-28T22:09+0500
2025-02-28T22:09+0500
жүргізуші
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35336829_0:146:3073:1875_1920x0_80_0_0_04d5cf85f04719defb549f452e6f2f77.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше акция өтті – жол жүру ережесін қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды, деп хабарлады Polisia.kz.Іс-шараға күнде жолда жүретін және былтыр жол қозғалысы ережесін мүлдем бұзбаған автокөлік жүргізушілері таңдалды.Ынталандыру ретінде көлік иелеріне бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.Акция полиция, Sergek және Freedom Insurance компанияларының өзара іс-қимылы нәтижесінде ұйымдастырылды.Күн сайын Астана жолдарына 284 мыңнан астам автокөлік шығады, оның 77 мыңы соңғы жылы жол қозғалысы ережесін бұзбаған. Олардың арасынан жүрісі көп, яғни көптеген қашықтықты еңсерген, марапатқа лайық он жүргізуші цифрлық жүйелердің көмегімен таңдап алынды.Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, ережені бұзбауға, жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35336829_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_c569492e40e7cd4204f7500111aba8b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші, астана
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше акция өтті – жол жүру ережесін қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Іс-шараға күнде жолда жүретін және былтыр жол қозғалысы ережесін мүлдем бұзбаған автокөлік жүргізушілері таңдалды.
Ынталандыру ретінде көлік иелеріне бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.
Акция полиция, Sergek және Freedom Insurance компанияларының өзара іс-қимылы нәтижесінде ұйымдастырылды.
"Бүгінгі таңда өткізіліп жатқан акция барысында жыл бойы ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеген, жол апатына түспеген жүргізушілер марапатталады", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Күн сайын Астана жолдарына 284 мыңнан астам автокөлік шығады, оның 77 мыңы соңғы жылы жол қозғалысы ережесін бұзбаған. Олардың арасынан жүрісі көп, яғни көптеген қашықтықты еңсерген, марапатқа лайық он жүргізуші цифрлық жүйелердің көмегімен таңдап алынды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, ережені бұзбауға, жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.