https://sputnik.kz/20250228/atyrauda-munay-gaz-salasyna-arnalgan-zhabdyqtar-shygaratyn-zauyt-ashyldy-51244158.html
Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын зауыт ашылды
Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын зауыт ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын "Beruseal Caspian" зауытының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Энергетика... 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T20:35+0500
2025-02-28T20:35+0500
2025-02-28T20:35+0500
зауыт
атырау
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51243876_0:97:1280:816_1920x0_80_0_0_0dbdc832fe4f9efc3d5fff8f6caa511d.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын "Beruseal Caspian" зауытының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Жаңа кәсіпорында құбырларға арналған жылдам ажыратылатын қысқыштар мен оларды жөндеуге арналған композициялық материалдар өндіріледі. Бұрын бұл жабдық шетелден сатып алынатын, енді ол Қазақстанда шығарылады.Айта кетері, 2021 жылдан бастап Қазақстан мұнай-газ саласындағы отандық өндіріс үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда халықаралық инвесторлар мен жабдық өндірушілерімен 24 келісім жасалып, 27 локализация жобасы әзірленді, олардың ішінде 7 зауыт іске қосылды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1c/51243876_30:0:1249:914_1920x0_80_0_0_c1123ffd67b656092d5cdf7d8a28b8bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, атырау
Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын зауыт ашылды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын "Beruseal Caspian" зауытының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Жаңа кәсіпорында құбырларға арналған жылдам ажыратылатын қысқыштар мен оларды жөндеуге арналған композициялық материалдар өндіріледі. Бұрын бұл жабдық шетелден сатып алынатын, енді ол Қазақстанда шығарылады.
"Энергетика министрлігі Beruseal компаниясымен, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары және Мұнай-газ машина жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталықпен бірлесіп, локализация жоспарын әзірледі, онда технологияларды беру және бірлескен кәсіпорын ашу көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, 2021 жылдан бастап Қазақстан мұнай-газ саласындағы отандық өндіріс үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда халықаралық инвесторлар мен жабдық өндірушілерімен 24 келісім жасалып, 27 локализация жобасы әзірленді, олардың ішінде 7 зауыт іске қосылды.