Ақтөбе облысында шахтада төрт адамды күйік шалды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жазылу
Қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында шахтада бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігі қысқа мерзімге тұтанып, жарылыс болды.
Оқыс оқиға Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасының кен өндіру блогында болды.
"Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - делінген "Қазхром" хабарламасында.
Оқиғаның себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Ақтөбе облысының полициясы төтенше жағдайды растады – тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
"Қазақстан" шахтасындағы трагедия: сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0