Жамбыл облысында болат өндіретін металлургия комбинаты салынады

© Photo : пресс-служба компании QARMET (Карагандинский металлургический комбинат)Qarmet произвёл свой первый миллион тонн стали
Qarmet произвёл свой первый миллион тонн стали - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясының басшылығымен жобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті.
"Кездесудің басты тақырыбы Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 млрд-қа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланған.
Инвестордың жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде 2027 жылы өндіріс қуаты 1 млн тонна болатты құраса, ал инвестиция көлемі 160,2 млрд теңгеге жетеді. 2029 жылға қарай өнім шығару 3 млн тоннаға дейін артып, қосымша инвестиция көлемі 312,8 млрд теңгені құрайды.
Өндіріске қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін табиғи газ және темір рудалары, сондай-ақ әктас пайдаланылады. Нәтижесінде кәсіпорында созба сымдар, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай-ақ бұрышты және профилді болат сияқты өнімдердің кең ауқымын шығару жоспарланып отыр.
Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында металлургия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт газ турбиналы электр стансасын салу көзделген, оған инвестор 201,3 млрд теңге қаржы бөледі.
Жаңалықтар
0