Солтүстік Қазақстанда жаңа зауыт іске қосылды

© AFP 2024 / PORNCHAI KITTIWONGSAKULПальмовое масло
Пальмовое масло - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Жазылу
Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылды және нысан толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда күнбағыс өңдейтін майды экстракциялайтын зауыты іске қосылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған.
Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылды және нысан толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд тг салық құяды.
Зауыттың өнімі - күнбағыс, рапс және зығыр майы, сондай-ақ жом мен күнжара.
Ашылған күннен бастап 10 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Көктемде экстракция желісі іске қосылса, жыл соңына дейін тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие лецитин өңдеу цехы ашылады.
"Кәсіпорын шикізатты жергілікті диқандардан сатып алады, бұл өңірдің жоғары әлеуетін көрсетеді. Биыл әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы 85 мың гектарға ұлғайтылып, 760 мың гектарға дейін жетті", - деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Жаңа зауыттың арқасында өңір барлық өнімді өңдеуге мүмкіндік алды. Былтыр СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналса, бүгінде өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуаты жылына 811 мың тоннаны құрайды.
Мешки с сахаром  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Атырау облысында жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салынады
Жаңалықтар
0