Халықаралық қауымдастық Қазақстанның сот жүйесімен тығыз жұмыс істеуі керек - Тоқаев

© АқордаМемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Жазылу
Кездесуде сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге назар аударылды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті.
"Біз "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек", – деді президент.
Памела Харристің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі.
Кездесуде сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.
Архивное фото статуи богини правосудия Фемиды у здания Верховного суда Казахстана в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Келесі жылы Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді - мәжіліс
Жаңалықтар
0