https://sputnik.kz/20250227/almatyda-internet-alayaqtary-ustaldy-51212991.html
Алматыда интернет алаяқтары ұсталды
Алматыда интернет алаяқтары ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тінту кезінде ұялы телефондар, SIM-карталар, ноутбуктер, банк карталары, ақша және банкноттарды санау құрылғысы тәркіленді 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T21:29+0500
2025-02-27T21:29+0500
2025-02-27T21:29+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
АЛМАТЫ, 27 ақпан — Sputnik. Алматыда азаматтарды алдап келген алты адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Интернет алаяқтары Коммуналдық қызмет, құқық қорғау органдары, Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер және "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің атын жамылған.Онлайн алаяқтардың кезекті құрбаны 61 жастағы Алматы тұрғыны болды."Алдымен олар коммуналдық кәсіпорындардың бірінің атынан телефон соғып, есептегіш құралын ауыстырамыз деген сылтаумен одан SMS-код беруін сұраған. Әрі қарай қылмыстық әрекет карапайым сценарий бойынша өрбіген: ер адамға оның атына кредит алуға әрекет жасалғаны туралы хабарланып, барлық жинақ ақшасын " қауіпсіз шотқа" аударуды сұраған. Салдарынан жәбірленуші қылмыскерлерге 500 мың теңгеден 11 рет жіберген. Жедел және арнайы іс-шаралар барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Кеше кешке олар өздері кеңсе деп атайтын жерде ұсталды. 19 бен 29 жас аралығындағы алты ер адам қамуға алынды", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Төлеу Мархамедов.Тінту кезінде полицейлер ұялы телефондарды, сим-карталарды, ноутбуктерді, банк карталарын, ақшаны және банкноттарды санау құрылғысын тәркіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Алматыда интернет алаяқтары ұсталды
Тінту кезінде ұялы телефондар, SIM-карталар, ноутбуктер, банк карталары, ақша және банкноттарды санау құрылғысы тәркіленді
АЛМАТЫ, 27 ақпан — Sputnik. Алматыда азаматтарды алдап келген алты адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет алаяқтары Коммуналдық қызмет, құқық қорғау органдары, Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер және "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің атын жамылған.
Онлайн алаяқтардың кезекті құрбаны 61 жастағы Алматы тұрғыны болды.
"Алдымен олар коммуналдық кәсіпорындардың бірінің атынан телефон соғып, есептегіш құралын ауыстырамыз деген сылтаумен одан SMS-код беруін сұраған. Әрі қарай қылмыстық әрекет карапайым сценарий бойынша өрбіген: ер адамға оның атына кредит алуға әрекет жасалғаны туралы хабарланып, барлық жинақ ақшасын " қауіпсіз шотқа" аударуды сұраған. Салдарынан жәбірленуші қылмыскерлерге 500 мың теңгеден 11 рет жіберген. Жедел және арнайы іс-шаралар барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Кеше кешке олар өздері кеңсе деп атайтын жерде ұсталды. 19 бен 29 жас аралығындағы алты ер адам қамуға алынды", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Төлеу Мархамедов.
Тінту кезінде полицейлер ұялы телефондарды, сим-карталарды, ноутбуктерді, банк карталарын, ақшаны және банкноттарды санау құрылғысын тәркіледі.