https://sputnik.kz/20250227/almaty-koshelerinde-kuy-tartyp-zhurgen-zhapon-zhigiti-neni-armandaytynyn-aytty-51210715.html
Алматы көшелерінде күй тартып жүрген жапон жігіті нені армандайтынын айтты
Алматы көшелерінде күй тартып жүрген жапон жігіті нені армандайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
Акира Такегучи бүкіл түркі әлемінің музыкасын бір арнаға жинақтауды алдына мақсат етіп қойған 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T17:16+0500
2025-02-27T17:16+0500
2025-02-27T17:16+0500
видео
күйші
жапон тілі
жапония
домбыра
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1b/51210827_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c614b5366bf461dc8ca1e1ae40cac0a1.jpg.webp
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Жапониялық өнерпаз Акира Такегучи Алматыдағы Арбатта күй шертіп, көшедегі көрерменді тәнті етіп жүр.32 жастағы өнерпаз Акира Такегучи Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматыға арнайы келгенін айтты. Күй өнерін меңгергеніне 8 жыл болған.Акира ауа райына қарап отырмайды, шабыты келгенде қолына домбырасын алып, Арбатқа шығады. Қазіргі уақытта ол хостелде тұрып жатыр. Айтуынша, тамағы тоқ, киімі көк.Акираның музыкаға деген құштарлығы бала күнінде оянған, қанға біткен қасиет. Сол кезден-ақ әртүрлі музыкалық аспаптарды меңгерген. Ержете келе этонстық музыка мамандығын таңдаған.Ол қазақтың ғана емес, басқа ұлттардың да аспабын үйренген. Соның бірі – уд, Акира Стамбұлға сапарлап, уд пен домбыра шертіп, талай рет Түркияның орталық алаңын әуенге бөлеген. Айтпақшы, домбыраны Акира осы жақта Акдениз атты ноғай досынан үйренген."Менің арманым – үлкен бір жоба жасау. Ол – бүкіл түркі әлемінің музыкасын бір арнаға жинақтау. Қазіргі уақытта мен вокалист іздеп жүрмін. Өкінішке қарай менің арманым оңайлықпен жүзеге аспай тұр, өйткені мен шетелдікпін. Ал виза алу бұрыңғыдан да қиындап кетті", - дейді күйші Акира Такегучи.Өнерпаз тілді білмеуден көп қиындық көреді екен. Қанатымды кеңге сермеуге мұрша бермей тұр деп әзілдейді. Ең бастысы, Акира қарым-қатынас үшін ең керекті: "рахмет", "қалыңыз қалай", "сау болыңыз", "кешіріңіз" деген сөздерді үйреніп алған.
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1b/51210827_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_5c44b3cb21a3e4818e857a5a1762f279.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
күйші, жапон тілі, жапония, домбыра
күйші, жапон тілі, жапония, домбыра
Алматы көшелерінде күй тартып жүрген жапон жігіті нені армандайтынын айтты
Акира Такегучи бүкіл түркі әлемінің музыкасын бір арнаға жинақтауды алдына мақсат етіп қойған
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Жапониялық өнерпаз Акира Такегучи Алматыдағы Арбатта күй шертіп, көшедегі көрерменді тәнті етіп жүр.
32 жастағы өнерпаз Акира Такегучи Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматыға арнайы келгенін айтты. Күй өнерін меңгергеніне 8 жыл болған.
Акира ауа райына қарап отырмайды, шабыты келгенде қолына домбырасын алып, Арбатқа шығады. Қазіргі уақытта ол хостелде тұрып жатыр. Айтуынша, тамағы тоқ, киімі көк.
"Сәл қиындыққа бола морт сына кету әсіресе жігіттер үшін ұят жағдай. Жалпы мен көп саяхаттадым, бірақ қазақтай мейман, ақ жүрек халық көп емес. Негізгі мамандығым - жапон тілі мұғалімі", - дейді өнерпаз.
Акираның музыкаға деген құштарлығы бала күнінде оянған, қанға біткен қасиет. Сол кезден-ақ әртүрлі музыкалық аспаптарды меңгерген. Ержете келе этонстық музыка мамандығын таңдаған.
Ол қазақтың ғана емес, басқа ұлттардың да аспабын үйренген. Соның бірі – уд, Акира Стамбұлға сапарлап, уд пен домбыра шертіп, талай рет Түркияның орталық алаңын әуенге бөлеген. Айтпақшы, домбыраны Акира осы жақта Акдениз атты ноғай досынан үйренген.
"Менің арманым – үлкен бір жоба жасау. Ол – бүкіл түркі әлемінің музыкасын бір арнаға жинақтау. Қазіргі уақытта мен вокалист іздеп жүрмін. Өкінішке қарай менің арманым оңайлықпен жүзеге аспай тұр, өйткені мен шетелдікпін. Ал виза алу бұрыңғыдан да қиындап кетті", - дейді күйші Акира Такегучи.
Өнерпаз тілді білмеуден көп қиындық көреді екен. Қанатымды кеңге сермеуге мұрша бермей тұр деп әзілдейді. Ең бастысы, Акира қарым-қатынас үшін ең керекті: "рахмет", "қалыңыз қалай", "сау болыңыз", "кешіріңіз" деген сөздерді үйреніп алған.