Шымкентте адам ұрлағандар ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Spitnik. Шымкентте ер адамды ұрлап кеткендер қолға түсті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның қалай болғанын кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ұялы телефонына түсіріп алған. Онда ер адамды бірнеше адам соққыға жығып, артынша көлікке күштеп мінгізіп әкетеді. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, камераға түсірген кездейсоқ адам бейнежазбаны дереу әлеуметтік желіге салған. Нәтижесінде қылмыстық іс тез ашылған. Адам ұрлағандар да, көлік те табылды.
"Екі күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда қажетті процессуалдық жұмыстар жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - дейді полицейлер.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Қоғам
Астанада адам ұрлаған алаяқтар ұсталды
Жаңалықтар
0