https://sputnik.kz/20250226/shygyn-490-mln-tengeden-asty-astanada-qarzhy-piramidasyn-qurgandar-sottaldy-51165305.html
"Шығын 490 млн теңгеден асты": Астанада қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
"Шығын 490 млн теңгеден асты": Астанада қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді 26.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-26T09:40+0500
2025-02-26T09:40+0500
2025-02-26T09:40+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_22f4af911434962789012ae2241dd2fc.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталды.Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылған.Сонымен қатар салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.Сонымен қатар күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайын енесінің атына ресімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген. Дегенмен тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді.Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_f59ef6f75ab47afe3602841a10007803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
"Шығын 490 млн теңгеден асты": Астанада қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Астанада "Жұлдызай" және "Аяулым" қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қаржы пирамидасын құру және басқару"), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру") бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталды.
Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылған.
Сонымен қатар салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты.
Сонымен қатар күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайын енесінің атына ресімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген. Дегенмен тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.
Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді.