Қазақстанға Орта Азия елдерінен астық тасымалдауға уақытша тыйым салынды

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Перевозки железнодорожным транспортом
Перевозки железнодорожным транспортом - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ бірнеше елдің астық тасымалдаушыларына Қазақстанның барлық теміржол станцияларына астық әкелуге уақытша тыйым салды. Тиісті жеделхат жүк жөнелтушілер мен ұлттық теміржол әкімшіліктеріне жіберілді, деп хабарлады LogiStan тelegram каналы.
Қазақстан темір жолы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан бос астық тасымалдаушыларға Қазақстанның барлық теміржол станцияларына астық әкелуге уақытша тыйым салды.
Не үшін тыйым салғаны нақты айтылмаған. Алайда сарапшылар "Қазақстан темір жолы" магистральдық желісінде вагондар шамадан тыс жинақталған деп есептейді. Бұл теміржолшылар мен логистерге қиындық туғызады.
Астық жинау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Қазақстан астық экспортын ұлғайтады
Жаңалықтар
0