https://sputnik.kz/20250226/elde-gazdy-tutynu-2024-zhyly-9-ke-osti-51176187.html
Елде газды тұтыну 2024 жылы 9%-ке өсті
Елде газды тұтыну 2024 жылы 9%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. ҚР энергетика министрлігі газ саласының 2024 жылғы көрсеткіштерін қорытындылады. Елімізде газ өндіру 59 миллиард текше метрді... 26.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-26T17:35+0500
2025-02-26T17:35+0500
2025-02-26T17:56+0500
газ
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30285926_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_207ca73a2f9d7b51cfa046233a69b75d.jpg
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. ҚР энергетика министрлігі газ саласының 2024 жылғы көрсеткіштерін қорытындылады. Елімізде газ өндіру 59 миллиард текше метрді құраған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (59,1 миллиард текше метр) де және өндіру көлемі шамамен 60,5 миллиард текше метрді құрайтын жоспарлы көрсеткіштерден де төмен болып отыр.Тауарлық газ өндірісі 28,7 миллиард текше метрді құрады, бұл жылға жоспарланған 28 миллиард текше метрден көп. Алайда 2023 жылмен салыстырғанда 4%-ке төмендеді.Энергетика министрлігі газ өндіру мен өндіріс көлемінің төмендеуін Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ секілді негізгі кен орындарындағы жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Орынбор газ өңдеу зауыты енгізген газ қабылдаудағы шектеулермен түсіндіреді.Қазақстанның негізгі газ кен орындарыЭнергетика министрлігінің мәліметінше, өндірілген 59 миллиард текше метр газдың 85%-і үш ірі кен орнына тиесілі:2024 жылғы газ тұтыну көлемі2024 жылы газ тұтыну 20,9 миллиард текше метрді құрайды деп жоспарланған болатын, бірақ іс жүзінде 21,2 миллиард текше метрге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Ол кезде елде 19,4 миллиард текше метр газ пайдаланылған.Қазақстанда газдандыру деңгейі 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 61,8%-ті құрады.2024 жылы Қытайға қанша газ экспортталдыІс жүзінде Қытайға газ экспорттау көлемі бұрынғы деңгейде қалды: тауарлық газ 5,655 миллиард текше метр көлемінде жөнелтілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6%-ке артық.Сұйытылған мұнай газы2024 жылы сұйытылған мұнай газы бойынша жағдай мынадай: оның өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 2%-ке артып, 3 млн тоннаны құрады.Тұтыну 5,6%-ке өсті (2024 жылы 2,4 млн тонна, 2023 жылы 2,28 млн тонна). Экспорт 15%-ке төмендеді (2024 жылы – 681 мың тонна, 2023 жылы – 798 мың тонна).Энергетика министрлігі сұйытылған газды тұтыну одан әрі жылдам қарқынмен өседі деп есептейді. 2025 жылға көзделген жоспар:Энергетика министрлігінің мәліметінше 2025 жылы газ өндіру артып, 62,8 млрд текше метрге жетеді. Тауарлық газ өндірісі 29,8 млрд текше метрді құрайды, ішкі тұтыну да өсіп, 21,9 миллиард текше метр болады. Ал жоспар бойынша газ экспорты бұрынғы деңгейде қалып, 5,4 млрд текше метрді құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30285926_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_e76da27a22f4a05cd2d04e3bb2c00677.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, қр энергетика министрлігі
газ, қр энергетика министрлігі
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. ҚР энергетика министрлігі газ саласының 2024 жылғы көрсеткіштерін қорытындылады. Елімізде газ өндіру 59 миллиард текше метрді құраған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (59,1 миллиард текше метр) де және өндіру көлемі шамамен 60,5 миллиард текше метрді құрайтын жоспарлы көрсеткіштерден де төмен болып отыр.
Тауарлық газ өндірісі 28,7 миллиард текше метрді құрады, бұл жылға жоспарланған 28 миллиард текше метрден көп. Алайда 2023 жылмен салыстырғанда 4%-ке төмендеді.
Энергетика министрлігі газ өндіру мен өндіріс көлемінің төмендеуін Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ секілді негізгі кен орындарындағы жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Орынбор газ өңдеу зауыты енгізген газ қабылдаудағы шектеулермен түсіндіреді.
Қазақстанның негізгі газ кен орындары
Энергетика министрлігінің мәліметінше, өндірілген 59 миллиард текше метр газдың 85%-і үш ірі кен орнына тиесілі:
Қарашығанақ (41% - 23,9 млрд текше метр);
Теңіз (26% - 15,1 млрд текше метр);
Қашаған (19% - 11,3 млрд текше метр).
2024 жылғы газ тұтыну көлемі
2024 жылы газ тұтыну 20,9 миллиард текше метрді құрайды деп жоспарланған болатын, бірақ іс жүзінде 21,2 миллиард текше метрге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Ол кезде елде 19,4 миллиард текше метр газ пайдаланылған.
Қазақстанда газдандыру деңгейі 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 61,8%-ті құрады.
2024 жылы Қытайға қанша газ экспортталды
Іс жүзінде Қытайға газ экспорттау көлемі бұрынғы деңгейде қалды: тауарлық газ 5,655 миллиард текше метр көлемінде жөнелтілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6%-ке артық.
2024 жылы сұйытылған мұнай газы бойынша жағдай мынадай: оның өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 2%-ке артып, 3 млн тоннаны құрады.
Тұтыну 5,6%-ке өсті (2024 жылы 2,4 млн тонна, 2023 жылы 2,28 млн тонна). Экспорт 15%-ке төмендеді (2024 жылы – 681 мың тонна, 2023 жылы – 798 мың тонна).
Энергетика министрлігі сұйытылған газды тұтыну одан әрі жылдам қарқынмен өседі деп есептейді. 2025 жылға көзделген жоспар:
ТМД-ның ішкі тұтынуы – 2,56 млн тонна,
экспортты одан әрі 750 мың тоннаға дейін төмендету.
Энергетика министрлігінің мәліметінше 2025 жылы газ өндіру артып, 62,8 млрд текше метрге жетеді. Тауарлық газ өндірісі 29,8 млрд текше метрді құрайды, ішкі тұтыну да өсіп, 21,9 миллиард текше метр болады.
Ал жоспар бойынша газ экспорты бұрынғы деңгейде қалып, 5,4 млрд текше метрді құрайды.