Екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik.️ Адам өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлады Polisia kz.
Ол 6 жылдан бері қашып жүрген.
Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде күдікті қолға түсті.
"33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған", - деп жазды ведомство.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0