8 Наурыз: Астанада 36 мың әйелге 10 мың теңгеден беріледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖауқазын
Жауқазын - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
Бұл қаулы Астана қаласы мәслихатында 2023 жылы бекітілген
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 36 мыңға жуық әйелге бір реттік төлем төленеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктегілер.
Олар - көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар.
“Бұл қаулы Астана қаласы мәслихатында 2023 жылы бекітілген. Елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі”, - деп жазды ведомстводағылар.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімімен жүргізіледі.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Шымкенттік көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0