https://sputnik.kz/20250225/ukimet-sharualardy-qoldauga-116-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-boldi-51142061.html
Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті... 25.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-25T08:44+0500
2025-02-25T08:44+0500
2025-02-25T08:44+0500
үкімет
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_96e754534eb905ca796bd5fe0e6a5ae1.jpg
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды.Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға бағыттау жоспарланған. Бұл әрі қарай елімізде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.Еске сала кетейік, үкімет 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын қаржыландырудың көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_103:0:1178:806_1920x0_80_0_0_6a2602943d93063bdccca18651d7ba59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды.
"Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға бағыттау жоспарланған.
Бұл әрі қарай елімізде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, үкімет 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын қаржыландырудың көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.