Шымкентте 5 жаңа өндірістік аймақ құрылып жатыр

© Sputnik / Ертай Сарбасов Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Жаңа индустриялық аймақтарда 314 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Шымкентте 1 660 гектар аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 га, “Стандарт” ИА 118 га, “Темір” ИА 1076 га көлемде құрылады. Сауда-логистикалық орталығы 136 гектарға кеңейтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа индустриялық аймақтарда 314 инвестициялық жобаны іске асыру және 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Қазіргі уақытта Сауда-логистикалық орталығын 136 гектарға кеңейту мақсатында инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты биылғы жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.
Айта кетері, бүгінде қалада жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылып жатыр. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды.
Жаңалықтар
0