Қытайдан көлік алғысы келген қазақстандық ақшасынан айырылды

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 ақпан– Sputnik. Қытайдан көлік алғысы келген қазақстандық шекарада ірі сомамен ұсталды. Ақшаның жартысынан астамы сот шешімімен тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Жетісу ауданының тұрғыны валюта айырбастау пунктінен 47 300 доллар сатып алып, бір сөмке ақшамен Қытайға тартып кеткен. "Нұр жолы" өткізу бекетінде оны кеденшілер тоқтатты. Себебі заң бойынша бір адам шетелге 10 мың АҚШ долларынан аспайтын қолма-қол ақшаны алып шығуға құқылы. Осы шектен асатын сомалар міндетті түрде жазбаша декларациялануға тиіс.
Сотта ер адам осы соманың жартысы екі досқа тиесілі екенін айтып ақталды. Бірақ ешқандай дәлелдер көрсете алмады. Сол себепті сот оның түсініктемелерін есепке алған жоқ. Бірнеше куәгер болды. Бірақ судья олардың айғақтарына сыни көзқараспен қарады, өйткені барлығы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды көздеген. Оған қоса, ешқайсысы өздерінің мүліктік құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны туралы билік органдарына немесе сотқа шағым түсірмеген.
"Құқық бұзушылықтың сипаты мен белгіленген мән-жайларды ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза – мемлекет пайдасына 37 300 АҚШ доллары тәркіленіп, 4,5 млн теңге айыппұл салынды",- делінген сот хабарламасында.
Ал міндетті декларациялау шегінен аспайтын 10 000 АҚШ доллары өзіне қайтарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0