https://sputnik.kz/20250225/qosylgan-qun-salygy-koteriledi--negizgi-ozgerister-51157538.html
Қосылған құн салығы көтеріледі – негізгі өзгерістер
Қосылған құн салығы көтеріледі – негізгі өзгерістер
Sputnik Қазақстан
Салық реформасы аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 проценттен 16-ға дейін арттыру ұсынылып отыр 25.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-25T18:43+0500
2025-02-25T18:43+0500
2025-02-25T18:53+0500
салық
https://sputnik.kz/img/1136/92/11369295_61:24:980:541_1920x0_80_0_0_2cf9734f71f04e09b370e55216bd1ae3.jpg.webp
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығына қатысты түзетулерді мәжілістің қарауына енгізді. Оған сәйкес, кәсіпкерлер үшін сараланған салық жүйесі енгізіледі. Ал ең жоғары мөлшерлеме 16 процент болады. Салықтан толығымен босатылатын салалар да бар. Соның бәрін Салық кодексімен бірге қабылдау жоспарланып отыр. Sputnik Қазақстан мәжілісте қаралатын негізгі өзгерістерді ұсынады.Үкімет нені көздейді?Мәжіліске енгізілген өзгерістер аясында алдымен қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін қазіргі 20 000 АЕК-тен (2025 жылда 78,6 млн теңгеден) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңгеге) дейін төмендету жоспарланып отыр. Осылайша, үкімет салықтан жалтару әрекеттерін барынша азайтуды көздейді.Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде кәсіпкерлердің 4 проценті ғана қосылған құн салығын төлеп жүр. Көбісі жылдық табысын 78 миллион теңгеге жеткізбеуге тырысады. Ол үшін бірнеше шағын фирма ашып алады да, қосылған құн салығын төлемей, жүре береді. Ал міндетті тіркеу шегін төмендеткеннен кейін бизнесті бөліп жүргізу жағдайлары азайып, бюджетке түсетін салықтардың көлемі көбейеді деген жоспар бар.16 процентті кім төлейді?Салық реформасы аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 проценттен 16-ға дейін арттыру ұсынылып отыр. Ондай салық құрылыс салушылар үшін енгізілуі де мүмкін. Бірақ пәтерлер дәл осы межеге қымбаттайды деген сөз емес. Себебі құрылыс материалдарын сатып алғанда 16% қосылған құн салығы бағаның ішінде тұрады. Ал дайын өнім, яғни, пәтерді сатқанда оған қосылған пайданың салығын ғана төлеу керек."Негізі, құрылыс компанияларына түсетін қосымша салықтық жүктеме шамамен 3 процент болады. Демек, олар баспананың бағасын тек 3 процентке көтеруге тиіс", - дейді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин. https://sputnik.kz/20250219/qurylysshylar-16-qun-salygyn-toleui-mumkin-50987615.htmlСараланған салық жүйесі16 процент - ең жоғары мөлшерлеме, ал одан төменгісі 10 процент болады. Оны денсаулық және тағы бірқатар салалар үшін енгізу ұсынылып отыр. Мәжілісте қалған салалар анықталады.Ауыл шаруашылығы саласында қосылған құн салығын мүлдем алып тастау жоспарланған. Қазіргі кезде шаруа қожалықтары қосарланған құн салығын төлемейді. Бұл жеңілдік сақталады. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын заңды тұлғалар 30 проценттік құн салығын төлеп жүр. Бұдан былай олар да төлемейді. Осылайша, агроөнеркәсіп саласында қосылған құн салығының мөлшерлемесі 0 процент болады.Арнайы салық режимі қысқартыладыҚазіргі кезде жеңілдетілген декларациямен арнайы салық режимін қолдану үшін жұмысшылардың саны 30 адамнан аспауы керек. Ал табыстың көлемі 24 038 АЕК-тен (2025 жылда 94,5 млн теңгеден) артық болмауы қажет.Үкімет арнайы салық режимін тек B2C (business-to-consumer) сегментінде, яғни, тікелей тұтынушылармен жұмыс істейтін бизнесмендер үшін ғана қалдыруды ұсынып отыр. Осылайша, дүкендер, шаштараздар, фитнес орталықтар, жеке меншік мектептер, кинотеатрлар және тағы басқа тікелей халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер бұрынғыдай арнайы салық режимін пайдалана береді.Бизнес өз табысын жасырмай маБүгінде қосылған құн салығы көтерілсе, кәсіпкерлер өз табысын жасырып, қолма-қол ақшаға көшеді деген әңгімелер бар. Бірақ үкімет оны да есептеп шықты.Ресми мәліметке сәйкес, 2006 жылы қосылған құн салығы 15 процент болып тұрғанда сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 2,7 процент болған. Артынан салықтың деңгейі біртіндеп 12 процентке төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика керісінше жыл сайын өсіп, 2016 жылда 9,2 процентке жеткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,1 процент болды. Осылайша, қосылған құн салығының деңгейі 12 процент болса да, көлеңкелі экономиканың деңгейі төмендемей отыр. Сондықтан үкімет осы екі мәселенің бір-бірімен байланысы жоқ деп санайды.Министрлер кабинетінің болжамына сәйкес, қосылған құн салығын көтерудің нәтижесінде көлеңкелі экономика керісінше азаяды. Себебі көбісі кімнен қандай тауар алғанын көрсетуге тырысады. Ал 16 процентік салық сол тауар бағасының ішінде болса, оны қайта сатқанда немесе одан бірдеңе істеп сатқан жағдайда үстінен қосылған пайданың салығын ғана төлеу керек.Бюджетке қанша ақша түседіСалық реформасының нәтижесінде республикалық бюджетке жыл сайын қосымша 4-5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Сонда ұлттық қордан ақшаны алмай, маңызды мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік болады.Қосылған құн салығын көтергеннен кейін бағалар да шамамен 2,5-3 процентке өседі. Үкімет оны ашық айтты. Бірақ осы инфляцияны бір жылдың ішінде төмендетуге уәде беріп отыр.
https://sputnik.kz/20250221/almatyda-investorlarga-100-mln-tenge-salyq-negizsiz-salyngan-51056325.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1136/92/11369295_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_67222557351ac9d1d11afb9210bda036.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
Қосылған құн салығы көтеріледі – негізгі өзгерістер
18:43 25.02.2025 (жаңартылды: 18:53 25.02.2025) Салық реформасы аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 проценттен 16-ға дейін арттыру ұсынылып отыр
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығына қатысты түзетулерді мәжілістің қарауына енгізді. Оған сәйкес, кәсіпкерлер үшін сараланған салық жүйесі енгізіледі. Ал ең жоғары мөлшерлеме 16 процент болады. Салықтан толығымен босатылатын салалар да бар. Соның бәрін Салық кодексімен бірге қабылдау жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан мәжілісте қаралатын негізгі өзгерістерді ұсынады.
Мәжіліске енгізілген өзгерістер аясында алдымен қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін қазіргі 20 000 АЕК-тен (2025 жылда 78,6 млн теңгеден) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңгеге) дейін төмендету жоспарланып отыр. Осылайша, үкімет салықтан жалтару әрекеттерін барынша азайтуды көздейді.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде кәсіпкерлердің 4 проценті ғана қосылған құн салығын төлеп жүр. Көбісі жылдық табысын 78 миллион теңгеге жеткізбеуге тырысады. Ол үшін бірнеше шағын фирма ашып алады да, қосылған құн салығын төлемей, жүре береді. Ал міндетті тіркеу шегін төмендеткеннен кейін бизнесті бөліп жүргізу жағдайлары азайып, бюджетке түсетін салықтардың көлемі көбейеді деген жоспар бар.
16 процентті кім төлейді?
Салық реформасы аясында қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 проценттен 16-ға дейін арттыру ұсынылып отыр. Ондай салық құрылыс салушылар үшін енгізілуі де мүмкін. Бірақ пәтерлер дәл осы межеге қымбаттайды деген сөз емес. Себебі құрылыс материалдарын сатып алғанда 16% қосылған құн салығы бағаның ішінде тұрады. Ал дайын өнім, яғни, пәтерді сатқанда оған қосылған пайданың салығын ғана төлеу керек.
"Негізі, құрылыс компанияларына түсетін қосымша салықтық жүктеме шамамен 3 процент болады. Демек, олар баспананың бағасын тек 3 процентке көтеруге тиіс", - дейді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин. https://sputnik.kz/20250219/qurylysshylar-16-qun-salygyn-toleui-mumkin-50987615.html
16 процент - ең жоғары мөлшерлеме, ал одан төменгісі 10 процент болады. Оны денсаулық және тағы бірқатар салалар үшін енгізу ұсынылып отыр. Мәжілісте қалған салалар анықталады.
Ауыл шаруашылығы саласында қосылған құн салығын мүлдем алып тастау жоспарланған. Қазіргі кезде шаруа қожалықтары қосарланған құн салығын төлемейді. Бұл жеңілдік сақталады. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын заңды тұлғалар 30 проценттік құн салығын төлеп жүр. Бұдан былай олар да төлемейді. Осылайша, агроөнеркәсіп саласында қосылған құн салығының мөлшерлемесі 0 процент болады.
Арнайы салық режимі қысқартылады
Қазіргі кезде жеңілдетілген декларациямен арнайы салық режимін қолдану үшін жұмысшылардың саны 30 адамнан аспауы керек. Ал табыстың көлемі 24 038 АЕК-тен (2025 жылда 94,5 млн теңгеден) артық болмауы қажет.
Үкімет арнайы салық режимін тек B2C (business-to-consumer) сегментінде, яғни, тікелей тұтынушылармен жұмыс істейтін бизнесмендер үшін ғана қалдыруды ұсынып отыр. Осылайша, дүкендер, шаштараздар, фитнес орталықтар, жеке меншік мектептер, кинотеатрлар және тағы басқа тікелей халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер бұрынғыдай арнайы салық режимін пайдалана береді.
Бизнес өз табысын жасырмай ма
Бүгінде қосылған құн салығы көтерілсе, кәсіпкерлер өз табысын жасырып, қолма-қол ақшаға көшеді деген әңгімелер бар. Бірақ үкімет оны да есептеп шықты.
Ресми мәліметке сәйкес, 2006 жылы қосылған құн салығы 15 процент болып тұрғанда сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 2,7 процент болған. Артынан салықтың деңгейі біртіндеп 12 процентке төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика керісінше жыл сайын өсіп, 2016 жылда 9,2 процентке жеткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,1 процент болды. Осылайша, қосылған құн салығының деңгейі 12 процент болса да, көлеңкелі экономиканың деңгейі төмендемей отыр. Сондықтан үкімет осы екі мәселенің бір-бірімен байланысы жоқ деп санайды.
Министрлер кабинетінің болжамына сәйкес, қосылған құн салығын көтерудің нәтижесінде көлеңкелі экономика керісінше азаяды. Себебі көбісі кімнен қандай тауар алғанын көрсетуге тырысады. Ал 16 процентік салық сол тауар бағасының ішінде болса, оны қайта сатқанда немесе одан бірдеңе істеп сатқан жағдайда үстінен қосылған пайданың салығын ғана төлеу керек.
Бюджетке қанша ақша түседі
Салық реформасының нәтижесінде республикалық бюджетке жыл сайын қосымша 4-5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Сонда ұлттық қордан ақшаны алмай, маңызды мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік болады.
Қосылған құн салығын көтергеннен кейін бағалар да шамамен 2,5-3 процентке өседі. Үкімет оны ашық айтты. Бірақ осы инфляцияны бір жылдың ішінде төмендетуге уәде беріп отыр.