https://sputnik.kz/20250225/prokurorlar-byltyr-46-mlrd-tenge-alimentti-ondirdi-51152659.html
Прокурорлар былтыр 4,6 млрд теңге алиментті өндірді
Прокурорлар былтыр 4,6 млрд теңге алиментті өндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Прокурорлар былтыр алименттөлеушілерден балалардың пайдасына 4,6 млрд теңге қарызды өндірді, деп хабарлады Бас прокуратураның... 25.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-25T13:56+0500
2025-02-25T13:56+0500
2025-02-25T13:56+0500
алимент
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Прокурорлар былтыр алименттөлеушілерден балалардың пайдасына 4,6 млрд теңге қарызды өндірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Алайда әкелердің барлығы бірдей өз балаларын қолдап, көмегін тигізе қоймайды. Қазіргі таңда 28 млрд теңге көлемінде қарыз жинақталған. Борышкерлер сот шешімдерін орындаудан жалтарып, мүліктері мен табыстарын жасыруда.Заңнамаға сәйкес, борышкерлерге бірқатар шектеу шаралары қолданылады:Бұдан бөлек, прокуратура органдары борышкерлерді іздеу үшін өткен жылдан бастап IT-технологияларды белсенді қолдануда. Әзірленген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Бірыңғай қауіпсіздік ақпараттық ресурстарының кешені" ("КИРЕБ") мемлекеттік органдардың дерекқорларымен және "Сергек" камераларымен біріктірілді.Осы жүйе іске қосылған сәттен бастап (2024 жылдың қыркүйегінен бастап) 176 алимент төлеуден жалтарған борышкердің орналасқан жері анықталып, олар ұсталды.Осы жұмыстың нәтижесінде прокуратура органдары өткен жылы балалардың пайдасына 4,6 млрд теңге қарызды өндірді.Сонымен қатар, Бас прокуратура қазіргі заман талабына бейімделген борышкерлердің мүліктік жағдайын тексерудің жаңа алгоритмін әзірледі. Жол полициясы және салық органдарымен бірлесіп автожолдарда рейдтер жүргізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Прокурорлар былтыр алименттөлеушілерден балалардың пайдасына 4,6 млрд теңге қарызды өндірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Баладан ұрланған әрбір теңге – оның білім, денсаулық және жарқын болашаққа деген мүмкіндігін ұрлау деген сөз. Алимент – бұл тек заңды міндет емес, сонымен қатар өз балаңның алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпау маңызды", - деп атап өтті қадағалау органының басшысы Берік Асылов.
Алайда әкелердің барлығы бірдей өз балаларын қолдап, көмегін тигізе қоймайды. Қазіргі таңда 28 млрд теңге көлемінде қарыз жинақталған. Борышкерлер сот шешімдерін орындаудан жалтарып, мүліктері мен табыстарын жасыруда.
Заңнамаға сәйкес, борышкерлерге бірқатар шектеу шаралары қолданылады:
шетелге шығуға уақытша тыйым салу,
лицензиялар, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу,
бұрын берілген рұқсаттар мен арнайы құқықтарды (мысалы, көлік жүргізуші құқығы, атыс қаруын иелену және алып жүру рұқсаты) тоқтата тұру,
мүлік пен банк шоттарына тыйым салу.
Бұдан бөлек, прокуратура органдары борышкерлерді іздеу үшін өткен жылдан бастап IT-технологияларды белсенді қолдануда. Әзірленген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Бірыңғай қауіпсіздік ақпараттық ресурстарының кешені" ("КИРЕБ") мемлекеттік органдардың дерекқорларымен және "Сергек" камераларымен біріктірілді.
Осы жүйе іске қосылған сәттен бастап (2024 жылдың қыркүйегінен бастап) 176 алимент төлеуден жалтарған борышкердің орналасқан жері анықталып, олар ұсталды.
Осы жұмыстың нәтижесінде прокуратура органдары өткен жылы балалардың пайдасына 4,6 млрд теңге қарызды өндірді.
Сонымен қатар, Бас прокуратура қазіргі заман талабына бейімделген борышкерлердің мүліктік жағдайын тексерудің жаңа алгоритмін әзірледі. Жол полициясы және салық органдарымен бірлесіп автожолдарда рейдтер жүргізілуде.