Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

© Photo : АкордаТоқаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады
Тоқаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Тоқаев Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы және Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Садыр Жапаровтың өткен жылы Қазақстанға ресми сапары екіжақты қарым-қатынасымызға жаңа серпін бергенін айтып, Қырғызстан президентіне жылы лебізін жеткізді.
Қасымалиев жауап ретінде елдер арасындағы ынтымақтастық саяси, сауда-экономикалық, су-энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда нығайып келе жатқанын айтты.
Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және су-энергетика саласындағы ынтымақтастыққа да назар аударды.
Тоқаев жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың толық орындалуын бақылау үкіметтерге жүктелген басты міндеттердің бірі екенін айтты:
тауар айналымының көлемін кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін табу қажет;
қазақ-қырғыз шекарасындағы өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешеннің тез арада іске қосылуына ықпал ету;
транзиттік және көліктік коммуникациялар үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады
Жаңалықтар
0