"Бірыңғай кадр қызметіне" 2400 ұйым мен 500 мың қызметкер қосылады

© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Сонымен қатар президентке мемлекеттік қызметті цифрландыру бағытында үміткерлерді біліктілігіне қарай автоматты түрде іріктейтін eQyzmet жүйесі туралы баяндалды
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Агенттік төрағасы "Бірыңғай кадр қызметін" кеңейту барысы туралы айтып, 2025 жылы жүйеге 2400 ұйым мен 500 мың қызметкерді қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Сонымен қатар президентке мемлекеттік қызметті цифрландыру бағытында үміткерлерді біліктілігіне қарай автоматты түрде іріктейтін eQyzmet жүйесі туралы баяндалды.
Бұдан бөлек кадрларды автоматты түрде іріктеуде үміткерлердің жеке және кәсіби дамуын ескеретін цифрлық рейтинг іске қосылғаны және жас мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік аппарат дарынды жастарды тартуға және бюрократиялық процестерді қысқартуға баса мән берілетіні айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа заң жобасын әзірлеуге және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін HR-құралдарды белсенді енгізу қажет екеніне назар аударды.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады
Жаңалықтар
0