"Ата жолы" картасы қанша қазаққа бұйырды

© SputnikАрхивное фото казахов
Архивное фото казахов - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан аумағында 10 жыл өмір сүруге, шетелде тұрып тарихи Отанына оңай кіріп-шығуға мүмкіндік беретін "Ата жолы" картасы 65 адамға берілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл карта президенттің тапсырмасымен 2023 жылдан бері енгізілді.
"Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 "Ата жолы" картасы берілді", - деп жазды министрлік.
Ал өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, сұранысқа ие мамандар бойынша 38 адам картаның иегері атанды.
Айтпақшы "Ата жолы" картасын алғандар қатарында инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар мамандар бар. Олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді елдерден келді.
Негізі бұл карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.
"Картаны алғандар немесе отбасы мүшелері медициналық қызмет ала алады. Қазақстанда жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ бизнес ашуға, арнайы және жоғары білім алуға, заңды тұрғыдан көмек алуға құқылы",- дейді ведомство.
Бірақ мемлекеттік қызметке тұра алмайды, сайлауға қатыса алмайды.
Егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда карта жарамсыз болып қалады.
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Қазақстан аймақтары 2025 жылы қанша қандас қабылдайды
Жаңалықтар
0