Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейстері қайта жандануы мүмкін

© Көлік министрлігінің баспасөз қызметіАстана мен Париж арасында тікелей әуе рейстерін қайта іске қосу қарастырылды
Астана мен Париж арасында тікелей әуе рейстерін қайта іске қосу қарастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Франция елшісімен көлік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге арасында екіжақты кездесу өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында тараптар көлік инфрақұрылымы, азаматтық авиация және логистика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар Астана мен Париж арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесін қарастырды. Қазақстандық тарап француз әуе компанияларына рейстерді іске қосу үшін "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.
Тараптар француз компанияларын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында логистикалық инфрақұрылымды дамытуға тарту мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді. Бұл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етпек.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Қазақстан мен Грузия әуе қатынасы: тікелей рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады
Жаңалықтар
0