Аспаз боп жалданған: елордада әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізген

© Pixabay / Priscila Flores Сақина, жүзік
Сақина, жүзік - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
Күдікті кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Елордалық әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұра аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы әйелді ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады.
"Тергеу барысында ұсталған азаматша аспаз болып жұмыс жасауға келгені белгілі болды. Жатын бөлмесіне кіріп, қобдишада тұрған алтын бұйымдарының арасынан бриллиант тасты алтын сақинаға көзі түскен. Жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 1,5 млн теңге болатын бриллиант тасты алтын сақинаны ұрлап, елордадағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген", - деп жазылған хабарламада.
Елорда тұрғынына қатысты "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленді. Жеке мүліктерін тексеру барысында, қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан.
Бойжеткеннің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы бар-жоғы анықталуда.
Эскалатор, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Өңірлер
Сауда орталығындағы телефон ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды
Жаңалықтар
0