https://sputnik.kz/20250224/ulttyq-qordan-bolingen-qarazhatty-baqylau-zhonindegi-komissiya-zhumysyn-qayta-bastady-51119340.html
Ұлттық қордан бөлінген қаражатты бақылау жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады
Ұлттық қордан бөлінген қаражатты бақылау жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады, деп хабарлады Қазақстанның... 24.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-24T11:05+0500
2025-02-24T11:05+0500
2025-02-24T11:05+0500
ұлттық қор
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51116976_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_490a2123ce2bf265687e173241c91145.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады, деп хабарлады Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы.2014 жылы құрылғаннан бастап ол Ұлттық банктің қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды.Қазіргі уақытта комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғасады. Ұзақ үзілістен кейін биыл 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті.Отырыс барысында Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін атап өтті."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына байланысты да жұртшылықтың Ұлттық қорды ұтымды пайдалануға назары күшеюде."Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауға тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды", — деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атап өтті:Отырыс барысында комиссия құрамын жаңарту, оның қызметін жаңа форматта регламенттеу, қорытындылардың сапасын арттыру және т. б. мәселелер талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51116976_268:0:1227:719_1920x0_80_0_0_a1bf328e4dbd144d4ea5130ea248c52c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады, деп хабарлады Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы.
2014 жылы құрылғаннан бастап ол Ұлттық банктің қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды.
Қазіргі уақытта комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғасады. Ұзақ үзілістен кейін биыл 21 ақпанда Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Жоғары аудиторлық палатада комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында Комиссия төрағасы Әлихан Смайылов Ұлттық қор қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу тәсілдері өзектендірілетінін атап өтті.
"Комиссияның жұмысын қайта бастауымыз керек. Ведомствоаралық іс-қимыл мен Ұлттық қор қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапкершілік аймақтарын нақты айқындау қажет", — деді Әлихан Смайылов.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына байланысты да жұртшылықтың Ұлттық қорды ұтымды пайдалануға назары күшеюде.
"Ұлттық қордан алынатын трансферттерден экономикалық қайтарым болуы қажет. Ұлттық қор мемлекеттік маңызды емес міндеттерге пайдаланылмауға тиіс. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды", — деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.
Әлихан Смайылов алдағы кезеңге арналған міндеттерді атап өтті:
Ұлттық қордан экономиканы жеңілдетілген шарттармен қолдауға бөлінген қаражатқа тексеру жүргізу;
Ұлттық қор қаражатын неғұрлым басым бағыттарға қайта бөлу немесе оларды қайтару жөнінде ұсыныстар беру.
Отырыс барысында комиссия құрамын жаңарту, оның қызметін жаңа форматта регламенттеу, қорытындылардың сапасын арттыру және т. б. мәселелер талқыланды.