Қазақстаннан Мысыр астанасына жаңа тікелей рейстер іске қосылады

© Photo : пресс-служба авиакомпании SCAT SCAT ұшағы
SCAT ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Жазылу
Рейстер аптасына екі рет орындалады
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. 2025 жылдың 29 мамырынан бастап SCAT әуе компаниясы "Шымкент – Каир" бағытында Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Рейстер аптасына екі рет - дүйсенбі және сәрсенбі күндері - Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 ұшақтарымен орындалады.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Қазақстан мен Грузия әуе қатынасы: тікелей рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады
Жаңалықтар
0