Қазақстанда ірімшік пен сүзбе аз өндіріліп жатыр

© Photo : Pixabay/MariyaMuschardІрімшік салынғған тәрелке
Ірімшік салынғған тәрелке - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Жазылу
Биыл қаңтарда ірімшік пен сүзбе 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 5,2%-ке қымбаттады
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірушілер биыл өнім шығаруды айтарлықтай азайтты, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Биыл қаңтарда Қазақстанда 3,4 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2%-ке аз.
Өнім Алматыда көп шығарылды (597 тонна). Сосын көлемі жоғарғы өнім Солтүстік Қазақстан Шымкент және Алматы облыстарында тіркелді.
Сүзбе өндіру көлемі 1,8 мың тоннаға жетті, оның 868 тоннасы майсыз сүзбе, ал 952 тоннасы майлы сүзбе. Жұмсақ, қатты және тұзды ірімшік 1,2 мың тонна, балқытылған ірімшік 168 тонна болды.
Биыл қаңтарда ірімшік пен сүзбе 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 5,2%-ке қымбаттады.
Әсіресе Ақмола облысында қымбаттады. Сосын Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматыда ірімшік пен сүзбе құны көтерілді.
ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан ірімшіктің қымбаттығы бойынша Молдавадан кейінгі орында тұр.
Соңғы уақытта ірімшік пен сүзбе өндірісі айтарлықтай 10,1%-ке артып, 48,3 мың тоннаға жетті. Ал импорт, керісінше, 13,5%, 47,8 мың тоннаға дейін қысқарды.
Бір жылда Қазақстаннан 3,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе әкетілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30,4%-ке артық.
Ішкі нарықта өнімді өткізу 4,1%-ке, 92,1 мың тоннаға дейін қысқарды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Биыл Абай облысында 7 млрд теңгенің өндірісі іске қосылады
Жаңалықтар
0