https://sputnik.kz/20250224/qaragandy-oblysynda-su-tasqynyn-baqylau-ushin-zhogary-dayyndyq-rezhimi-engiziledi-51138203.html
Қарағанды облысында су тасқынын бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі
Қарағанды облысында су тасқынын бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Облыста 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды 24.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-24T21:37+0500
2025-02-24T21:37+0500
2025-02-24T21:45+0500
су тасқыны
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51138041_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_fcd1a3e95d727ee12f3d1fa43fa32f89.jpg.webp
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 180-ге жуық іс-шара орындалды. 1 наурыздан бастап жағдайды бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аймаққа жұмыс сапарымен барып, өңірдің су тасқыны қауіпті учаскелерін аралап шықты."Облыста 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, 140-қа жуық автомобиль және темір жол учаскелері назарда. Өңірде 217 су шаруашылығы құрылыстары бар. Өңір бойынша жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде, судың деңгейі төмен және судың аз болуы байқалады", - деп жазылған хабарламада.Вице-премьерге өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары алдын ала басталғаны хабарланды.ТЖД мәліметінше, облыстық инженерлік жұмыстар жоспары аясында 180-ге жуық іс-шара орындалды. Елді мекендерден миллион текше метрден астам қар шығарылды, жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, су бұру орларын жасау, каналдар мен арықтарды, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.Вице-премьер барлық күштерді, техниканы әзірлікке келтіру керектігін, жағдайды күн сайын қадағалап отыру қажеттілігін айтты.
https://sputnik.kz/20250224/sharualardyn-2024-zhylgy-su-tasqyny-saldarynan-kelgen-shygyny-oteledi-51116645.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/18/51138041_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_aa8386232cecad7a8f205c0f5b26d9af.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қарағанды
Қарағанды облысында су тасқынын бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі
21:37 24.02.2025 (жаңартылды: 21:45 24.02.2025) Облыста 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 180-ге жуық іс-шара орындалды. 1 наурыздан бастап жағдайды бақылау үшін жоғары дайындық режимі енгізіледі, деп хабарлады
облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аймаққа жұмыс сапарымен барып, өңірдің су тасқыны қауіпті учаскелерін аралап шықты.
"Облыста 150 елді мекен ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, 140-қа жуық автомобиль және темір жол учаскелері назарда. Өңірде 217 су шаруашылығы құрылыстары бар. Өңір бойынша жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде, судың деңгейі төмен және судың аз болуы байқалады", - деп жазылған хабарламада.
Вице-премьерге өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары алдын ала басталғаны хабарланды.
ТЖД мәліметінше, облыстық инженерлік жұмыстар жоспары аясында 180-ге жуық іс-шара орындалды. Елді мекендерден миллион текше метрден астам қар шығарылды, жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, су бұру орларын жасау, каналдар мен арықтарды, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.
"Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында қар деңгейі нормадан жоғары. Шет ауданына келсек, қар нормадан төмен, ылғал қоры да қалыпты деңгейде. Топырақтың қатуы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Біз үлкен жұмыс атқарылғанына көз жеткіздік. Бірақ дайын болу керек: болжам бойынша алда әлі қалың қар жауады және күн жылынады", – деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер барлық күштерді, техниканы әзірлікке келтіру керектігін, жағдайды күн сайын қадағалап отыру қажеттілігін айтты.