Маңғыстау облысында құмар ойынын заңсыз ұйымдастырғандар сотталды

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуКазино, архивное фото
Казино, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Жазылу
Сот үкімімен олар 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып, заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Құмар ойынға қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркелген, логин, пароль және сілтеме берілген.
"Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асқан. Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – "Toyota Land Cruiser" және "Mersedes-Benz 320" сатып алғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Жаңалықтар
0