https://sputnik.kz/20250224/biyl-mynnan-astam-etnikalyq-qazaq-qandas-martebesin-aldy-51118890.html
Биыл мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Биыл 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау... 24.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-24T11:36+0500
2025-02-24T11:36+0500
2025-02-24T11:36+0500
қандастар
https://sputnik.kz/img/144/91/1449164_0:300:4035:2569_1920x0_80_0_0_523625f3680df01a1645d2c68c038c51.jpg
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Биыл 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.Биыл тарихи Отанына оралғандардың басым көпшілігі Қытайдан келген – 51,9%.Сосын Өзбекстан – 37,5%. Түрікменстан мен Ресейден қоныс аударған қандастар саны небәрі 2%-ке жуық.Барлық қоныс аударушының 60,2%-і еңбекке жарамды азаматтар. Ал кәмелетке толмағандардың саны 32,9%.Жоғары білімді - 16,7%. Ал 2%-ке жуығының білімі жоқ.Қандастар Ақмола, Абай, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/144/91/1449164_0:0:3585:2689_1920x0_80_0_0_191d77cc97336df0260dedc7e788fe94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Биыл 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.
Биыл тарихи Отанына оралғандардың басым көпшілігі Қытайдан келген – 51,9%.
Сосын Өзбекстан – 37,5%. Түрікменстан мен Ресейден қоныс аударған қандастар саны небәрі 2%-ке жуық.
Барлық қоныс аударушының 60,2%-і еңбекке жарамды азаматтар. Ал кәмелетке толмағандардың саны 32,9%.
Жоғары білімді - 16,7%. Ал 2%-ке жуығының білімі жоқ.
Қандастар Ақмола, Абай, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.