https://sputnik.kz/20250223/pavlodarda-sogys-ardageri-99-zhasqa-toldy-51109121.html
Павлодарда соғыс ардагері 99 жасқа толды
Павлодарда соғыс ардагері 99 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 23.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-23T12:33+0500
2025-02-23T12:33+0500
2025-02-23T12:33+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
павлодар облысы
соғыс ардагері
ұлы отан соғысы ардагері
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e9/02/17/51108826_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_b0952f5ca71bf6834536c09ef7f7c56e.jpg
АСТАНА, 23 ақпана – Sputnik. Павлодарлық майдангер Василий Григораш 99 жасқа толды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Василий Григораштытуған күнімен құттықтады.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы майор Бекзат Оразов майдангерге табандылығы, батылдығы және Жеңіске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.Майдандағы ерлігі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін департамент басшысы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан алғыс хат табыс етті.Василий Григораш 1926 жылы 21 ақпанда Алтай өлкесінің Гурлинка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 17 жасында жас жауынгер қызыл әскер қатарына қызмет етуге кетті. Аға сержант Василий Григораш Байкал әскери округі 293-ші дивизиясының құрамында соғысып, бөлім командирі болды.Василий Григораш II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.
https://sputnik.kz/20250127/askeri-qyzmetshiler-sogys-ardagerin-gasyrlyq-mereytoyymen-quttyqtady-50335360.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/17/51108826_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_8ee0ce1d888dcfbc005647828da4baeb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, соғыс ардагері, ұлы отан соғысы ардагері, 9 мамыр – жеңіс күні
павлодар облысы, соғыс ардагері, ұлы отан соғысы ардагері, 9 мамыр – жеңіс күні
Павлодарда соғыс ардагері 99 жасқа толды
Әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады
АСТАНА, 23 ақпана – Sputnik. Павлодарлық майдангер Василий Григораш 99 жасқа толды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Василий Григораштытуған күнімен құттықтады.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы майор Бекзат Оразов майдангерге табандылығы, батылдығы және Жеңіске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
"Сіз адам айтқысыз қиындықтарды бастан өткердіңіз, қарсы тұрдыңыз және жеңдіңіз. Сіздің буын соғыс жылдары жасаған ерлік әлемдік тарих шежіресінде жазылған. Біздің бейбіт болашағымыз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рахмет", – деді ол.
Майдандағы ерлігі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін департамент басшысы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан алғыс хат табыс етті.
Василий Григораш 1926 жылы 21 ақпанда Алтай өлкесінің Гурлинка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 17 жасында жас жауынгер қызыл әскер қатарына қызмет етуге кетті. Аға сержант Василий Григораш Байкал әскери округі 293-ші дивизиясының құрамында соғысып, бөлім командирі болды.
Василий Григораш II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.