Алматы облысында 170 бала апатты ғимаратта тұрып жатыр

© instagram.com/zakiyevadinara/Алматы облысында 170 бала апатты ғимаратта тұрып жатыр
Алматы облысында 170 бала апатты ғимаратта тұрып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2025
Жазылу
Олар ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр дейді Зәкиева
АЛМАТЫ, 23 ақпан - Sputnik. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысында орналасқан И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаттың жағдайымен танысты.
Зәкиеваның айтуынша, балалар мұнда ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр.
"6 жастан асқан 170 бала интернатта ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяқтамай, жосықсыз деп танылған. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр, оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады. Ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылып отыр", - дейді балалар омбудсмені.
Зәкиева осы және облыстағы балалар қауіпсіздігіне қатысты тағы екі маңызды мәселе Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу барысында талқылаған. Әкімдік жөндеу жұмыстарын аяқтау немесе жаңа интернат салу мәселесін қарастырған.
"Алайда балалардың қазіргі қиын жағдайында қалмауы үшін оларды жақында жөндеуден өткен және бос орындары бар басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылданды", - деп жазды Динара Зәкиева.
Сондай-ақ кездесуде психологиялық қолдау орталығының жұмысы мен қорғаншылық органдары қызметкерлерінің санын арттыру мәселесі көтерілген.
"Қабылданған заңға сәйкес, 5000 балаға 1 қызметкерден келуі керек. Осылайша, облыста 109 қызметкер болуы тиіс, әр ауданда шамамен 10 маманнан. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі, балаларды қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын сапалы жүргізу үшін өте маңызды, әсіресе өңірдегі зорлық-зомбылыққа қатысты күрделі жағдайды ескере отырып", - дейді Зәкиева.
Алматы облысында мыңнан астам оқушы мәдениет үйі мен әкімдік ғимаратында оқып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Алматы облысында мыңнан астам оқушы мәдениет үйі мен әкімдік ғимаратында оқып жатыр
Жаңалықтар
0