https://sputnik.kz/20250222/turaqty-khalyqaralyq-reyting-agenttigi-qazaqstannyn-tauelsiz-kredit-reytingin-rastady-51086610.html
"Тұрақты": Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады
"Тұрақты": Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады
Sputnik Қазақстан
Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр 22.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-22T12:58+0500
2025-02-22T12:58+0500
2025-02-22T12:58+0500
рейтинг
қаражат
https://sputnik.kz/img/07e9/02/16/51082676_18:36:1235:720_1920x0_80_0_0_a6a526f62d70110073955b793ee1c229.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты", деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы баланстар болып қала береді.Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр.S&P мұнай өндірудің жоспарланған өсуі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі экономикалық өсімге оң әсер ететінін көрсеткен.Жазбада Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы айтылды. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап көрсетті. Сарапшылардың пікірінше екінші деңгейдегі банктерде жеткілікті капитал қоры және тұрақты өтімділік бар.
https://sputnik.kz/20241116/fitch-qazaqstannyn-tauelsiz-kredittik-reytingin-rastady-48570568.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/16/51082676_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_48e6c7e78142353fd717b1b61119c1b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейтинг, қаражат
"Тұрақты": Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін растады
Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты", деп хабарлады
ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы баланстар болып қала береді.
Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр.
S&P мұнай өндірудің жоспарланған өсуі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі экономикалық өсімге оң әсер ететінін көрсеткен.
Жазбада Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы айтылды. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап көрсетті. Сарапшылардың пікірінше екінші деңгейдегі банктерде жеткілікті капитал қоры және тұрақты өтімділік бар.