Тоқаев драматург Дулат Исабековтің отбасына көңіл айтты

© Photo : АкордаДулат Исабеков
Дулат Исабеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Жазылу
Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, деді Тоқаев
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Дулат Исабекұлын ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға ретінде есіне алды.
"Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
писатель Мухтар Магауин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды
Жаңалықтар
0