Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрт құрлық чемпионы атанды

© Photo : Национальный олимпийский комитет КазахстанаКазахстанский фигурист Михаил Шайдоров
Казахстанский фигурист Михаил Шайдоров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Жазылу
Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының лидері Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алдым.
Шайдоров еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 190.37 ұпай жинады. Жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді.
Екінші орынды 265.02 ұпаймен Ча Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленді, ал үшінші орынға 245.01 ұпаймен америкалық Джимми Ма тұрақтады.
Диас Жиренбаев 19-орынға ие болды. Ол 166.34 ұпай жинады.
Айта кетері, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді.
Жаңалықтар
0