Спорт

Қазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді

© Photo : Минтуризма и спорта КазахстанаҚазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
© Photo : Минтуризма и спорта КазахстанаҚазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді
Министры спорта Казахстана и России Мырзабосынов и Дегтярев провели встречу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Қазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді
"Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады", – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетері, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.
Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.
Жаңалықтар
0