https://sputnik.kz/20250222/dinmukhammed-aydarbek-fujairah-open-turnirinin-zhenimpazy-atandy-51093412.html
Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды
Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Біріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының... 22.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-22T20:17+0500
2025-02-22T20:17+0500
2025-02-22T20:17+0500
жарыс
https://sputnik.kz/img/07e9/02/16/51093492_0:69:1280:789_1920x0_80_0_0_83fbd370ed5a82e272dbd263b1ac1ec4.jpg
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Біріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.Жарыстың 2-күні кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек 16-17 жас санатында 55 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол татамиде 6 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңде Мальта, сосын АҚШ өкілін айқын басымдықпен ұтты. Топтық кезеңде тағы 2 қазақ спортшысынан, кейін йорданиялықтан айласын асырды. Финалда өзбек каратэшісін ұтты.Сондай-ақ Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) 59 кг дейінгі салмақта чехиялық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге ие болды.Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.Фуджейрадағы бұл жарыс ертең аяқталады. Оған барлығы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/16/51093492_69:0:1213:858_1920x0_80_0_0_aa3ddd2366957e8969df2169ec7afd3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарыс
Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Біріккен Араб әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Жарыстың 2-күні кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек 16-17 жас санатында 55 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол татамиде 6 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңде Мальта, сосын АҚШ өкілін айқын басымдықпен ұтты. Топтық кезеңде тағы 2 қазақ спортшысынан, кейін йорданиялықтан айласын асырды. Финалда өзбек каратэшісін ұтты.
Сондай-ақ Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) 59 кг дейінгі салмақта чехиялық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге ие болды.
Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.
Фуджейрадағы бұл жарыс ертең аяқталады. Оған барлығы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.