https://sputnik.kz/20250221/zeynetaqy-alatyn-kuni-alayaqtar-qonyrau-shala-bastaydy--elordalyq-zeynetker-51036485.html
"Алаяқты бірден таныдым": зейнеткер алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты
"Алаяқты бірден таныдым": зейнеткер алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Зейнетақы алатын күні елордалық қарияларға алаяқтар қоңырау шала бастайды. Бұл туралы Астанадағы Промышленный елді мекенінің... 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T08:39+0500
2025-02-21T08:39+0500
2025-02-21T08:45+0500
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_34223ea451f25fa20799762f1573d6d6.jpg.webp
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Зейнетақы алатын күні елордалық қарияларға алаяқтар қоңырау шала бастайды. Бұл туралы Астанадағы Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен "Қазақстанның қаржы мәдениеті" қоғамдық қоры төрағасының кездесуі кезінде айтылды.Кездесу барысында түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары сөз болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Зейнеткерге жақында белгісіз біреу қоңырау шалып, SIM картаның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуы қажеттігін айтқан."Бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек", - деп толықтырды ол.Қордың негізін қалаушы Юрий Ли технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және жеке деректердің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи есте ұстауға кеңес берді."Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды", - деп атап өтті Юрий Ли.Жиын елордадағы Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_07a50d6d77d94a613d66e0b67ffa4e9d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнеткер
"Алаяқты бірден таныдым": зейнеткер алданып қалмау үшін не істеу керектігін айтты
08:39 21.02.2025 (жаңартылды: 08:45 21.02.2025) АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Зейнетақы алатын күні елордалық қарияларға алаяқтар қоңырау шала бастайды. Бұл туралы Астанадағы Промышленный елді мекенінің тұрғындары мен "Қазақстанның қаржы мәдениеті" қоғамдық қоры төрағасының кездесуі кезінде айтылды.
Кездесу барысында түрлі алаяқтық схемалар, киберқылмыскерлер қолданатын айла-шарғылар, олардан қорғану жолдары сөз болды, деп
хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу керек деп есептеймін. Бізге, яғни қарт кісілерге зейнетақымызды алған кезде, лотереяға қатысу үшін тауар сатып алудан бастап, банктік шоттарды жалған қорғауға дейін күмәнді қызметтерді ұсынатын түрлі нөмірлерден қоңыраулар түсе бастайды", - деді кездесуге қатысушы Нағима Жұмалиқызы.
Зейнеткерге жақында белгісіз біреу қоңырау шалып, SIM картаның мерзімі өтіп кеткенін және оны тез арада SMS арқылы қайта ұзартуы қажеттігін айтқан.
"Бірақ мен алаяқты бірден таныдым. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мұндай тақырыптарды жиі талқылауымыз керек", - деп толықтырды ол.
Қордың негізін қалаушы Юрий Ли технологияның қарқынды дамып келе жатқанын және жеке деректердің қолжетімді болып келе жатқанын ылғи есте ұстауға кеңес берді.
"Мысалы, алаяқтар тіркелу үшін жеке ақпарат талап етілетін ұтыс ойынын ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай айла-шарғылардан ешкім де қорғалған емес, сондықтан азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін үнемі хабардар ету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды", - деп атап өтті Юрий Ли.
Жиын елордадағы Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті.