Якутияда мұз бетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип жасалды
Жазылу
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Якутияда мұз айдынында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип жасалды.

Якутиядағы көл бетіндегі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип
Видеоны Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев өзінің телеграм-каналында жариялады.

Якудиядағы көл бетіндегі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип
"Жергілікті талантты суретшілер мен 130 ерікті 7200 шаршы метрден астам қарға жан бітірді. Нәтижесінде осындай тамаша көрініс дүниеге келді", - деді Николаев.
Бұл картина – жай ғана көркем жоба емес, бұл бабалар ерлігіне тағзым, бейбіт күнімізді бағалау, деді ол.

Якутиядағы көл бетіндегі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотип
Көптің жүрегін елжіреткен бірегей жоба тұрғындар мен қонақтар үшін мереке қарсаңында әдемі тарту болды.

Қазақстанның қорғаныс министрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына ресми логотип ұсынды
© Photo : Минобороны Казахстана

