Қазақстандағы темір жолдарды роботтар тексереді

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Қазақстандағы темір жолдарды роботтар тексереді
Қазақстандағы темір жолдарды роботтар тексереді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
AI-технологияларға маманданған “Болашақ колледжін” құру мәселесі талқыланды
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. Қытай роботтары Қазақстандағы темір жолдарды тексереді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
20 ақпанда Шэньчжэньде Huawei төрағасы Лян Хуа "ҚТЖ" ҰК басшысы Нұрлан Сауранбаевпен кездесті. Екі тараптың былтыр бірнеше жобасы сәтті аяқталды, соның бірі - деректерді беру желілерін жаңғырту, бұлтты технологиялар мен LTE-R енгізу жұмыстары.

"Биыл “Қазақтелеком” және “ТТС” бірігіп трансқазақстандық теміржол дәлізінде LTE-R желісін орналастыруды жоспарлап жатыр. Яғни, өнеркәсіптік роботтар жолды тексереді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ AI-технологияларға маманданған “Болашақ колледжін” құру мәселесі талқыланды.
Компаниялар негізгі бастамаларды қаржыландыруды растады және 2025 жылға арналған жол картасын бекітті.
Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Қызылордада вагон құрастыру зауыты салынады
Жаңалықтар
0