https://sputnik.kz/20250221/oltirip-ortep-zhibergen-20-zhyl-buryn-zhasalgan-qylmystyn-beti-ashyldy-51053031.html
Өлтіріп, өртеп жіберген: 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Өлтіріп, өртеп жіберген: 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жиырма жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 21.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-21T11:55+0500
2025-02-21T11:55+0500
2025-02-21T11:55+0500
шығыс қазақстан
қылмыс
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_0:147:3043:1859_1920x0_80_0_0_d6a293923e6a7a2c3814eb691d93717f.jpg.webp
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жиырма жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемен қаласындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды. Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын қиындатты.Алайда қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі ұмытқан жоқ. Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірді.2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді.Нәтижесінде күдікті ұсталып, 18 ақпанда сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_185:0:2858:2005_1920x0_80_0_0_ac5dae297094b55c2e1cf7c84a30135d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, қылмыс
Өлтіріп, өртеп жіберген: 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жиырма жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемен қаласындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды. Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын қиындатты.
Алайда қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі ұмытқан жоқ. Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірді.
2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде күдікті ұсталып, 18 ақпанда сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.