Екі облыста автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) екі облыста автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды, деп хабарлады ТЖМ.
Маңғыстау облысы
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе Жетібай-Ақтау" 210-786 шақырымы, Атырау облысының шекарасы- Ақтау қаласы, "Жетібай-Жаңаөзен РТ шекарасы 0-58 шақырымы, Жетібай ауылы-Жаңаөзен қаласы. "Ақтау-Құрық" 13-72 шықырымы, Ақтау қаласы-Құрық ауылы.
Атырау облысы
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе Жетібай-Ақтау" 126-210 шықырымы, Құлсары қаласы - Маңғыстау облысы.
ТЖМ дабылды ескерту жарияланған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүрмеуге шақырды.
Жаңалықтар
0