Астанада рұқсат етілмеген орынға құрылыс қалдықтарын төккендер жазаланды

© Photo : Акимат АстаныСтихийные свалки в Астане
Стихийные свалки в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Астана қаласының Сарайшық ауданында құрылыс қоқысын заңсыз төккендерге қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқиға Ш.Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT құрылысы бойында болып, Sergek камералары арқылы анықталды. Аудандық әкімдік пен учаскелік полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі нәтижесінде құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Заңсыздыққа жол берген жүргізушілерге айыппұл салынып, құжатсыз жұмыс істеген арнайы техника айып тұрағына қойылды.
2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 121 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 091 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. 229 ескерту жасалды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын, қала аумағындағы рұқсат етілмеген орындарды қоқысқа толтыру әрекеті заңбұзушылық болып саналатынын қатаң ескертеді.
Астанадағы қоқыс орындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Шымкентте қоқыс шығаратын кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін
Жаңалықтар
0