https://sputnik.kz/20250220/su-tasqynyna-dayyndyq-qazsushar-filialdaryna-84-zhana-tekhnika-berildi-51007846.html
Су тасқынына дайындық: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді
Су тасқынына дайындық: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді
Sputnik Қазақстан
Министрлік "Қазсушар" филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр 20.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-20T08:22+0500
2025-02-20T08:22+0500
2025-02-20T08:22+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420274_0:1112:2048:2264_1920x0_80_0_0_a79f8fafc9a6cb3e03bacd42e8c85e05.jpg
АСТАНА, 20 ақпан– Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420274_0:920:2048:2456_1920x0_80_0_0_9e30442f2be0698e35f90de2af6e890c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Су тасқынына дайындық: "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді
Министрлік "Қазсушар" филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 20 ақпан– Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында "Қазсушар" филиалдарына 84 жаңа техника берілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.
Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.
"Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.