Өзбекстанда қарақшылық жасаған шетелдіктер Қазақстанда ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.
Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамалды.
Жаңалықтар
0