Былтыр 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Олжас Бектенов инвестиция тарту әкімдер мен министрлердің басым міндеті екенін атап өтті
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанда 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Бұл туралы үкіметтегі кеңесте айтылды.
Инвестициялық штабтың жұмысы бір жыл ішінде жалпы құны $50 млрд-тан асатын жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселесін жоюға мүмкіндік берді.
Мысалы, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компанияларымен нәтижелі жұмыс жүргізілді. Fufeng Group жақын арада Жамбыл облысында $350 млн-ға жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Dalian Hesheng Holding Group биыл жазда Ақмола облысында бидайды терең өңдеу кешені шеңберінде $650 млн-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріседі.
Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын өндіруді және басқаларын қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтитын $12 млрд инвестициялардың жалпы көлемі бар 20 стратегиялық жоба айқындалды. Ұсынылған жобалардың ішінен биыл 14 жоба бойынша инвестициялар туралы келісім жасасу қарастырылуда, 13 жоба бойынша – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, тағы 16 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр.
"Бүгінде әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралары өңірлердің әлеуетін ашып көрсетпейді, экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару вертикалының барлық деңгейінде, оның ішінде аудан әкімдері деңгейінде де жүргізілуі тиіс", — деп тапсырды премьер-министр Олжас бектенов.
Жаңалықтар
0