https://sputnik.kz/20250220/almaty-oblysynyn-buryngy-akimi-dunieden-otti-51017926.html
Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден өтті
Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев жеткізді, деп... 20.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-20T11:11+0500
2025-02-20T11:11+0500
2025-02-20T11:12+0500
алматы облысы
әкім
https://sputnik.kz/img/old/771/39/7713920_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_fcf87218aaadab9242b04aba054b0d9a.jpg.webp
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын Алматы облысының Күрті ауданындағы "Құйған" совхозында жұмысшы болып бастады.Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, "Қазыбек бек" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы атқарды.2010 жылдың шілдесінен 2011 жылдың сәуіріне дейін – Алматы облысы әкімінің орынбасары.2011 жылдың 13 сәуірінен 2014 жылдың 20 тамызына дейін – Алматы облысының әкімі.2014 жылдың қазан айынан 2020 жылға дейін – Алматы облысынан Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/771/39/7713920_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_e36355d7114b47fcf972cd46ac155d9c.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, әкім
Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден өтті
11:11 20.02.2025 (жаңартылды: 11:12 20.02.2025) АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Аңсар Тұрсынханұлы еңбек жолын Алматы облысының Күрті ауданындағы "Құйған" совхозында жұмысшы болып бастады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, "Қазыбек бек" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы атқарды.
2010 жылдың шілдесінен 2011 жылдың сәуіріне дейін – Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2011 жылдың 13 сәуірінен 2014 жылдың 20 тамызына дейін – Алматы облысының әкімі.
2014 жылдың қазан айынан 2020 жылға дейін – Алматы облысынан Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды.